Заместитель директора по АХЧ


 

Описание: http:><span
style='font-size:12.0pt;line-height:115%;font-family:

Сарсембекова

Дуйсенкуль
Сламбековна

 

директордың
шаруашылық жөніндегі орынбасары

«А.Селезнев
атындағы Алматы хореографиялық училищесі»

 

1966
жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1985 жылы
Жезқазған педагогикалық училищесінің «мектепке дейінгі
тәрбие» факультетін аяқтады. 1985-1986 жж. К.И.Сатпаев
атындағы №10 Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының
балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеді. Комсомол
комитетінің хатшысы болды.

 

1986
жылы Қазақ Мемлекеттік Әйелдер педагогикалық
институтының мектепке дейінгі педагогика және психология
факультетіне түсіп, 1991 жылы аяқтап шықты. 1991 жылдан бері
Алматы қаласының №108 орта мектебінің кеңейтілген
тобында тәрбиеші болып қызмет істеді. 1992-1998 жж. Алматы
қаласының «Мерей-бөбек» мемлекеттік емес балабақшасында
тәрбиеші және қазақ тілінің мұғалімі
болып жұмыс атқарды.

2006
ж.Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің
құқықтану факультетіне сырттай оқуына
түсіп, 2008 жылы аяқтап шықты. 2005-20012 жж. ЖШС «Dan &
C» заңгерлік компаниясында маман болып жұмыс істеді.

2012
жылдың мамыр айынан «А.Селезнев ат.Алматы хореографиялық
училищесінде» күндізгі тәрбиеші қызметін атқарды.

2012
жылдың 05 қыркүйегінен «А.Селезнев ат.Алматы
хореографиялық училищесінде» комендант жұмысын атқарды.

2013
жылдың 06 ақпанынан қазіргі уақытқа дейін
директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін
атқарады.

 

2012 ж.
жақсы жұмыс істегені үшін және училищенің
қоғамдық қызметіне үлес қосқаны
үшін (жеке ісіне кіргізілуімен) мадақтама қағазымен
марапатталды.

2013
ж. жақсы жұмыс істегені үшін және училищенің
қоғамдық қызметіне үлес қосқаны
үшін (жеке ісіне кіргізілуімен) мадақтама қағазымен
марапатталды.