Мастер балета в училище

Балет шебері училищеде

Ү.ж. 4 сәуірінде училищемізге Париж Операсының Этуалі, «Рудольф Нуреев қорының» өкілі, өнер және әдебиет Орденінің Кавалері, Құрметті Легион Орденінің кавалері – Шарль Жюд ресми сапарымен келді. Сапар барысында А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры Дәулет Құрманғалиұлы Досбатыров Жюд мырзаны қабылдап, училищенің мәдениет пен өнер саласына қосып жатқан үлесі туралы таныстырды. Сондай-ақ, училищенің құрметті қонағы оқу ордамыздың «Өрлеу» оқу театрында тәрбиеленушілерімен кездесіп, ашық түрде ой-пікір алмасып, Рудольф Нуреев жайлы қысқа фильмін халық назарына ұсынды. Айта кету керек, кездесуге арнайы балет өнерінің ардагері, ҚР халық әртісі Аюханов Болат Ғазизұлы келді.

Сонымен қатар, 5 сәуірде Шарль Жюд мырза училищенің тәрбиеленушілеріне арнайы шеберлік сынып жүргізді. Бұл шеберлік сыныпта білім алушыларымыз еуропалық балет мектебінің қыр – сырын таныды. Педагогтар мен студенттер Жюд мырзаның көрсеткен шеберлігіне ризашылықтарын білдіріп, болашақта тағы да осындай танымдық іс – шараларды ұйымдастыруға шақырды.

 

Мастер балета в училище

4 апреля т.г. в Алматинское хореографическое училище им. А. Селезнева с официальным визитом прибыл Этуаль Париж Опера, Представитель «Фонда Рудольфа Нуреева», Кавалер Ордена искусства и литературы, Кавалер Ордена Почётного Легиона, Ученик и духовный сын Рудольфа Нуреева – Шарль Жюд. Гостя принял директор училища Досбатыров Даулет Курмангалиевич и ознакомил с деятельностью и рассказал о вкладе учебного заведения в развитии искусства и культуры. После всречи с директором, господин Шарль Жюд встретился с воспитанниками училища и провел беседу в свободном формате учебном театре «Өрлеу». В рамках встречи был показан фильм про Рудольфа Нуреева. Стоит отметить, что на встречу был специально приглашен ветеран балетного искусства, Народный артист Республики Казахстан БолатГазизович Аюханов.

5-го апреля г-н Шарль Жюд провел уникальный мастер – класс для воспитанников училища. В этом мастер – классе студенты открыли для себя великолепность европейской балетной школы. Педагоги и обучающиеся искренне поблагодарили господина Жюд и в будущем изявили желание еще раз поучаствовать в его мастер – классах.