14.02.19 «Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға арналған заманауи өнімдер» семинары

«Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға арналған заманауи өнімдер» семинары

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы цифрлы технологияларды пайдалана отырып құрылған жаңа өндірістерді цифрландыру және өсіру болып табылатын үшінші модернизацияны жариялады. Осыған байланысты білім беру мен ғылым саласындағы онлайн-ресурстарды пайдалану бүгінгі күні өзекті мәселе болды.
Жоғарыда көрсетілген тенденциялар мен қажеттіліктерді ескере отырып, «InterPress Distribution» компаниясы Oxford University Press баспа үйінің қолдауымен 2019 жылы 12 ақпанда өткізілген «Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға заманауи өнімдер» атты тегін семинар ұйымдастырды.
Семинарда мынандай мәселелер қаралды:

-Оксфорд университетінің онлайн-өнімдерімен танысу;
-Әлемдік ғылыми онлайн журналдарында ғылыми жұмыстарды жариялау.

«Impact Factor» рейтингімен 70%-дан аса журналдар әлемдік жетекші ғылыми және кәсіби ассоциациялардың ынтымақтастығымен 357 жоғары сапалы басылымдары, журналдардың 387 түрі, энциклопедия-анықтамалар, сөздіктер, әртүрлі тақырыптан тұратын 240 беттік кішкене кітаптары көрсетілді. Oxford University Press-тің халықаралық реестерінде орын алған гуманитарлық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымы бағытындағы мыңдаған ғылыми жұмыстар мен монографиялар ұсынылды. Бұл жұмыстармен танысу үшін www.oxfordscholarship.com сайтынан көре аламыз. Ғылыми жұмыстарды қандай шетелдік журналдарға баса аламыз? Мақала тақырыбын қалай таңдау, жұмыс барысы, тілді таңдау, мақалаға кім, қалай баға беру, мақала жазуда қай жерден қандай ақпараттар алу керек сияқты мәселелер қаралды.

Семинарға А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу-әдістемелік бірлестігі директорының орынбасары Канапьянова Гүлзара Мұсаханқызы және кітапхана меңгерушісі Құнанбаева Шолпан Елеусізқызы қатысып, сертификат алып қайтты.

Семинар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, Аль-Фараби кітапханасында өтті. Семинарға ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлар, кітапхана директорлары, кітапхана меңгерушілері, phd докторанттар, магистранттар және қызығушылық танытқан барлық қауым қатысты. Спикер Oxford University Press баспасының онлайн басылымдарының басшысы Marcin Dembowski болды.