18.11.22 «Пост- релиз»

1. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК 2018 жылғы қызметі туралы есеп.

2. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК-да «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Президент Жолдауын түсіндіру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп.

2018 жылдың 22 қарашасы күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз орталығында А. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК 2018 жылғы қызметі туралы және «А. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК-да «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Президент Жолдауын түсіндіру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп тапсыру болды.

Іс-шараның мақсаты: оқу орнының қызметін мазмұндау, 2018 жылғы шығармашылық жетістіктер мен тапсырмаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша есеп беру.

Іс-шара аясында А.Селезнев ат. АХУ директорының м.а. Карменова Т.Ж. сөйледі.

Қамтылған мәселелер:

1. 2018 жылғы жұмыс нәтижелері білім беру үдерісін жетілдіруге, жұмыс пен оқудағы жетістіктерге, шығармашылық қызметке, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған. Ішкі инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Есеп беру слайд-шоумен сүйемелденді.

2. Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру және зерттеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы баяндама мен слайд ұсынылды. Елбасының Жолдауының ережелерін түсіндіруге Алматы қалалық мәслихатының депутаты – Сабина Амангелді, мәдениет қайраткерлері Қазақстан Республикасының халық әртісі – Лаки Константинович Кесоглу, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры – Любовь Августовна Ни арнайы шақыртылып, қатысты. Президент Жолдауының негізгі ережелерінен елдегі құрылыс салудың экологиялық аспектілерінің ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қамтылды. «Қазақстан-2050» стратегиясының шеңберінде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта және жоғары білімін дамыту. Білім берудің азаматтардың әл-ауқатының өсуіне әсері. Жастарды тәрбиелеу туралы, жоғары білімді болу қажеттілігі туралы, жаңа білімдерге, жоғары білікті маман болуға, мамандықтың өзектілігіне мән беруге және одан әрі профиль бойынша жұмыс істеуге ұмтылу туралы айтылды.

Есеп беру Facebook әлеуметтік желісінде онлайн өткізілді.

Өткізілген орны: 22 қараша 2018 жыл сағ.15.00, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы,8 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.