18.11.22 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайы

2018 жылдың 22 қарашасында А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 301-302 топ білім алушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына экскурсия жасады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайы – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне мұражайлардың бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған экскурсияның мақсаты оқушылардың Қазақстан тарихы туралы білімін тереңдетіп, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Елбасымыздың өмірі мен еңбек жолдары туралы деректермен танысу.

Оқушыларға музей мамандары өткізген дәрістер, құнды ақпараттарға толы болды. Тарихы тереңге кеткен қазақ елінің этнографиялық жинақтары оқушыларды қатты қызықтырды.