19.02.19 Баспасөз хатшыларының жиыны

2019 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың Баспасөз хатшыларының конференциясы өтті.

Конференцияда PR сарапшы, медиа тренер, мемлекеттік сектор аясындағы PR кеңесші, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Баспасөз хатшысы, жемқорлыққа қарсы PR менеджер –Ақерке Берлібай және әлеуметтік желілерде кеңінен танымал блоггер Яков Федоров сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сынып өткізді.

Мамандар мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарын және әлеуметтік желілердегі парақшаларын дамыту, сондай-ақ табысты жүргізу жолдары мен әдістерін көрсетіп, бірқатар мысалдар келтірді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көш бастап тұрғаны Instagram мен Facebook болып табылатынын алға тартып, аталған желілерде Мекеменің қызметіне қызығушылық танытатын белсенді аудитория мен оқырмандарды жинау, сенімді ақпарат пен көрнекі материалдар ұсыну, мәтіннің мазмұны мен оны рәсімдеуге аса назар аудару мәселелерін талқылады.

Шеберлік сыныптан соң, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызына сөз берілді. Вице-министр Баспасөз хатшыларының жұмысына сәттілік пен шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта еліміздің мәдениетін дамыту және насихаттау жолында расталған ақпараттармен және жағымды жаңалықтармен бөлісуді тапсырды.