19.03.29 Училище Наурыз мейрамын қарсы алды

Училище Наурыз мейрамын қарсы алды

Наурыздың 29 күні А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Наурыз мейрамы салтанатты түрде тойланды. Концерт басталмас бұрын А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директорының м.а. Д.Қ. Досбатыров құттықтау сөзімен сахна төріне шықты. Оқу ордамыздың білім алушылары өз өнерлерін келген қонақтардың алдында жоғары деңгейде көрсетті. Мерекеге балет өнерінің ардагері, ҚР халық әртісі, мәдениет және өнер саласындағы халықаралық «Сократ» сыйлығының иегері Болат Ғазизұлы Аюханов, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Максимұлы Маемиров, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев пен қоғам қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекшісі Ая Жакенқызы Қалиева және басқа да ұйымдардың өкілдері қонақтардың қатарында болды. Концерттік бағдарлама училищенің ауласында этно-ауыл түрінде жалғасын тапты. Киіз үй тігіліп, келген халық дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татты. Онымен қоса, оқу ордамыздың әр бөлімі Қазақстан халқы ассамблеясы форматында түрлі халықтың ұлттық киімдері мен тағамдарын ұсынды. Әрине, мерекеміз спорттық сайыстар мен ұлттықойындарысыз өтпеді. Қол күрес, гир көтеру, әсіресе арқан тартыстан училищенің барлық жастағы білім алушылары қуана жарысқа түсті. Осылай А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі Наурыз мейрамын тойлады.

В училище встретили праздник Наурыз

29 марта т.г. в АХУ им. А. Селезнева прошло праздничное мероприятие Наурыз. Праздник начался с концерта где и.о. директора Алматинского хореографического училища им. А. Селезнева Д.К. Досбатыров поздравил всех гостей с весенним праздником. После этого, воспитанники училища выступили с ярчайшими номерами перед публикой. На праздничное мероприятие были приглашены лауреат международной Сократовскойпремии в области культуры и искусства, народный артист Республики Казахстан Болат Газизович Аюханов, Заслуженный деятель Казахстана, ректор Казахской национальной академии искусств им. Т.К. Жургенова Маемиров Асхат Максимович, Заслуженный деятель Казахстана, директор Алматинского музыкального колледжа им. П. Чайковского Хасангалиев Биржан Ескендирович, общественный деятель, директор ГАТОБ им. Абая Калиева Ая Жакеновна и представители других организации. Праздник нашел свое продолжение во дворе училище в стиле этно-аула. Стоит отметить, что данное мероприятие прошло в формате Ассамблеи народов Казахстана. Праздник не прошел без спортивных, национальных состязании. Воспитанники училища соревновались по армрестлингу, толкании гири, а также по перетягиванию каната. Таким образом, АХУ им. А. Селезнева провел Наурыз мейрамы на высоком уровне.