Гастроли училища в город Бишкек | Училищенің Бішкек қаласына гастрольдік сапары
2022 жылғы 6-7 қазанда біздің білім алушылар Бішкек қаласында (Қырғызстан) көрнекті кеңестік және қырғыз балет әртісі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Т. Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты А. А. Токомбаеваның 75 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысты.
Айсулу Асанбековна Ткомбаева Ленинград хореографиялық училищесінде би өнерін — орыс, кеңес балетінің бесігін тербеткен ұстаздар М. В. Боярчикова, Н. П. Базарова, Н.А. Железнова, Н. В. Беликова, А. Н. Блатнова, В. А. Осокинадан оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін А. Малдыбаев атындағы Қырғыз опера және балет театрының сахнасында классикалық, ұлттық және заманауи балеттердің жетекші партияларында өнер көрсетті.
Р. Х. Уразгильдеев А.А. Тоқомбаеваның орындауы туралы былай деп жазды: «Ол керемет биге емес, бейненің ішкі күйін білдіру мүмкіндігіне тартылды». Балерина жоғары адамгершіліктің, тазалықтың, адал махаббат пен парыздың мәңгілік өзекті тақырыбын растады.
Өнер көрсету біздің Училище мен Ш. Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесі арасындағы ынтымақтастық аясында өтті.
А. А. Токомбаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концертте Ш. Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесінің оқу театрының сахнасында оқушыларымыз үш би композициясын орындады:
3 курс студенті А. Манабасованың орындауындағы А. Горскийдің қойылымындағы Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінің 3-ші актісінен Китридің вариациясы;
3 курс студенттерінің әйелдер құрамының орындауындағы Г. Ордабаеваның қойылымындағы «Атадан мұра» халық музыкасына қазақ биі;
А. Диканбаеваның қойылымда 3 курс студенттерінің орындауындағы «The piano guys» « Нуар» музыкасына заманауи хореография.
6-7 октября 2022 года наши обучающиеся приняли участие в торжественном концерте, посвященном 75-летию выдающейся советской и киргизской артистки балета, народной артистки СССР, лауреата Государственной премии СССР, лауреата международной премии имени Ч. Т. Айтматова А. А. Токомбаевой, в городе Бишкек (Кыргызстан).
Айсулу Асанбековна Токомбаева училась искусству танца в Ленинградском хореографическом училище — колыбели русского, советского балета у педагогов М. В. Боярчиковой, Н. П. Базаровой, Н. А. Железновой, Н. В. Беликовой, А. Н. Блатновой, В. А. Осокиной. После окончания выступала в ведущих партиях классических, национальных и современных балетов на сцене киргизского театра оперы и балета имени А. Малдыбаева.
Р. Х. Уразгильдеев писал об исполнительстве А. А. Токомбаевой, что ее «привлекал не танец эффектный сам по себе, а возможность выразить внутреннее состояние образа». Балерина утверждала вечно актуальную тему высокой человечности, чистоты, преданной любви и долга.
Выступление состоялось в рамках заключённого сотрудничества между нашим училищем и Бишкекским хореографическим училищем имени Ч. Базарбаева.
В торжественном концерте, посвященном 75-летнему юбилею А. А. Токомбаевой, на сцене учебного театра Бишкекского хореографического училища имени Ч. Базарбаева наши ученики исполнили три танцевальных композиции:
Вариация Китри из 3-го действия балета Л. Минкуса «Дон Кихот» в постановке А. Горского в исполнении студентки 3 курса А. Манабасовой;
Казахский танец на народную музыку «Атадан мұра» в постановке Г. Ордабаевой в исполнении женского состава студентов 3 курса;
Современная хореография на музыку «The piano guys» «Нуар» в постановке А. Диканбаевой в исполнении студентов 3 курса.